RU

Астана тұрғындарына ЭКСПО-ның жабылуы кезінде қала сыртында демалуға кеңес берілді

Полиция Астана тұрғындарына алдағы демалысты қала сыртында өткізуге кеңеc береді, өйткені елордаға шетелдік президенттер келмек деп хабарлайды ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы орынбасары Талғат Мұсақанов.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатына дейін Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

"18 мемлекет басшысы келеді деп жоспарланған. Бұл қала үшін шынымен де ауыр жүктеме, әр мемлекет басшысымен бірге жүріп, сегіз қонақ үй және екі резиденцияға орналастыруымыз керек. Шара Тәуелсіздік сарайында өтетін болады", — деді Мұсақанов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге саммит қатысушылары ЭКСПО жабылу салтанатына да барады. Құқық қорғау органдары арасында дайындық жүргізіліп, қауіпсіздікті сақтау бойынша алгоритм меңгерілді.

Тағы оқыңыздар: Сен маған бастық емессің: ЭКСПО маңында ерегесіп қалған сақшылар жұмыстан қуылды

"Қазір бәрі бақылауда, сіз айтқандай көлік кептелісі болмайды деп ойлаймын. Дегенмен шыдауға тура келеді. Қонақтармен бірге жүру қажет, әрқайсының кортежі бар. Сол себепті тұрғындардың қала сыртына шығып, сенбі-демалыс күндері демалғандары жөн", — дейді Мұсақанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610864-astana-turghyndaryna-ekspo-nynh-zhabylu.html