RU

Көкшетауда жетім қызды 150 мың теңгеге сатып жіберген жігіт сотталып кетті

Ақмола облысында балалар үйінен шыққан жетім қызды сексуалды құлдыққа сатып жіберген жігіт сотталды. Бұл туралы Sputnik-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тараз тумасы көкшетаулық қызбен танысып, кейін оның жақын туыстары жоқ екенін біледі. Ол бойжеткенге өзімен бірге тұруды ұсынып, оған жұмыс тауып беруді де уәде еткен.

Алайда, жігіттің бұл әрекеті көпке созылмады. Ол интимдік қызмет көрсету үшін қызды 150 мың теңгеге сатып жібереді.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тараздық жігіт 4 жылға сотталды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610940-zhetim-qyzdy-150-mynh-tenhgege-satyp-zhiberm.html