RU

Петровпалдағы әскери институтта оңтүстіктен келген сарбазды пышақтап өлтірді

Бүгін Петропавлда орналасқан ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтында төтенше жағдай болды. Екі курсант сөзге келіп қалып, салдарынан біреуі пышақ жарақатымен әскери лазаретке жеткізілген, деп хабарлайды Baq.kz.

«7 қыркүйек күні сағат 14.45-те Әскери институттың лазаретіне үшінші курс курсанты, қатардағы жауынгер Г.А.Тұрсын пышақ жарақатымен жеткізілді. Медициналық персонал мен жедел жәрдемнің екі бригадасы курсантқа жан-жақты медициналық көмек көрсетті, алайда дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Сағат 15.45-те Г.А.Тұрсын көз жұмды», - деп мәлімдеді Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен.

Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тексеріс белгіленді. Оқиға орнында СҚО ІІД жедел тергеу тобы, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Қарағандылық ана екі жасар ұлын үйінде емдеймін деп өлтіріп ала жаздады

«Қайғылы оқиғаға екі әскери қызметшінің арасындағы жанжал себеп болған. Екіншісінің аты-жөні анықталды, алайда тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр. Ұлттық ұлан қолбасшылығы курсант Г.А.Тұрсынның жақындарына көңіл айтады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қайтыс болған курсант Оңтүстік Қазақстан облысынан шақырылған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610985-petrovpaldaghy-askeri-institutta-pysh.html