RU

Парамен ұсталған Мусин елорданың соты мен прокурорын менсінбей қалды

Парамен ұсталған лауазымды шенеунік Астана соттарының әділдігіне мүлдем сенбейді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин өзіне қатысты істің кез-келген облыстық сотта қаралуын талап етіп отыр деп хабарлайды КТК.

Кеше басталған сот отырысында Мусин мен адвокаты "ә дегеннен" судьяға бірінен соң бірі шағым түсіріп, отырыс кейінге шегерілді. Себеп, қылмыстық іс пен айыптау хаттамаларының көшірмесін қолға алмаған.

Осыны ескерген судья келесі отырысты 14-ші қыркүйекке қалдырды. Алайда Мусин мен оның адвокаты бұған да қанағаттанбай, судья мен прокурорды істен шеттетуге ниетті.

Тағы оқыңыздар: Петровпалдағы әскери институтта оңтүстіктен келген сарбазды пышақтап өлтірді

Еске салсақ, 31 жастағы Азаматтық қоғам комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Мусин тендер кезінде кәсіпкерге көмектескені үшін 400 мың теңге пара алып, наурызда ұсталған еді. Онымен бірге айыпталушылар қатарында бизнесменнің өзі де бар.

"Астана қаласының ешбір сотына сенбеймін. Оның ішінде соттың апелляциялық алқасын да шеттетуді сұраймын. Қылмыстық істі Қазақстанның кез-келген облыстық сотында қаралуын қалаймын", - дейді Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611086-paramen-ustalghan-musin-astanalyq-sud.html