RU

Теңгеге арналған ескерткішке тәу еткен ақтөбелік әйел бір күнде несиесінен құтылған

Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр. Жұрт "Темірден құйылған алып ақшаға қол тигізіп, сүйкенсек - байлыққа кенелеміз" деп сенеді.

Бұл ескерткішті аймақтағы қаржы саласының қызметкерлері ақша жинап тұрғызыпты. Бос жатқан аумақты тазартып, гүлзарға айналдырған. Бірақ демеушілік еткен қаржыгерлер бұл игі іске қанша қаражат жұмсалғанын айтпады.

Тағы оқыңыздар: Петровпалдағы әскери институтта оңтүстіктен келген сарбазды пышақтап өлтірді

Дегенмен, жақында ғана ашылған жүз теңге белгіленген ескерткіштің қасиеті туралы сыбыс тұрғындар арасында тез тарап кетті. Тіпті, әлеуметтік желі арқылы бір келіншек алып темір ақшаға қол тигізген күні несиесінен құтылғанын айтады.

Көпшілік мұны алып-қашпа әңгімеге баласа да, ескерткішке ырым етіп келетіндердің қатары азаяр емес.

"Осы араға келген кезде ақшамыз көп болса екен деп ырым қыламыз. Балаларымызды әкеліп суретке түсірдік ашылған кезде. Ақша болса бәрі де шешіледі", - дейді тұрғындардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611133-tenhgege-arnalghan-eskertkishke-tau-etk.html