RU

Бүркіт пен Аиша әлемді шулатқан "Ирма" дауылынан қалай аман қалғандарын айтты

Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша кешелі бері әлемді шулатып, миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндірген  "Ирма" дауылы орын алған аймақтан аман қалғандарын айтты. Әншілер Доминико Республикасында жаңа бейнебаян түсіріп жүргендерін жазған болатын.

"Ассалаумағалейкүм достар! Мына ирма дауылы өтіп кеткендей болды. Шетімен өтті-ау деймін, қатты байқалмады. Жел тұрды, жаңбыр құйып тұр әлі, бірақ қатты дауыл болған жоқ! Уфф дедік. Алла сақтады бізді! Біз үшін уайымдаған достарға үлкен раxмет!",- деп жазды Бүркіт желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Қазақ қыздарының сұлулығына тәнті болған шетелдіктер оларды алып кетуге бел буды (фото)

Бүркіт пен Аишаның желідегі оқырмандары өз кезегінде жұлдызды жұп үшін қатты алаңдағандарын жарыса жазып, елге аман-есен оралуларын тіледі!

Еске салсақ, кеше Доминико Республикасында "Ирма" дауылы орын алып, миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндірді. Көптеген тұрғын үйлер қирап, салдарынан ондаған адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611235-burkit-pen-aisha-alemdi-shulatqan-irma-d.html