RU

"Шатақ мінезімен" танымал болған отандық жұлдыздардың атышулы видеолары

Өнер адамдарының өмірі қашанда ел назарында жүреді. Осыған қарамастан көпшілік арасында шатақ шығарып, ашулы мінезін көрсеткен жұлдыздар да кездесіп жатады. NUR.KZ  порталы оқырман назарына халыққа өнерінен бөлек, "шатақ мінезімен" танылған жұлдыздар топтамасын ұсынады.

Төреғали Төреәлі

Шымкент қаласына отандық өнімді қолдауға барған сәтінде, сұхбат бермекші болып жатып, журналистпен сөзге келіп қалды. Тілшілердің ескертуіне ашуланған "Ұлы дала баласы" сұхбат бермейтінін айтып, қолын бір сілтеді.

Бауыржан Ибрагимов

Атақты әртістің  қонақ үй нөмірі үшін тіркеуде отырған әкімші қызбен жанжалдасқан былапыт сөзге толы видеосы желіні шарлап кеткен. Ішіп алған әртіс өзінің атына тіркеуде  бөлме болмағаны үшін, қатты ашуланады.

Тағы оқыңыздар: Бүркіт пен Аиша әлемді шулатқан "Ирма" дауылынан қалай аман қалғандарын айтты

Ринат Зайытов

Айтыскердің танысымен сөзге келіп, артынша төбелесіп жатқан видеосы YouTube желісінде әлі күнге дейін жүр. Осыдан кейін Зайытов талай адамның қатаң сынына қалған.

Бейбіт Қорған

2010 жылдың қазан айында Атыраудан Алматыға келе жатып ұшақ ішінде спортшы жігіт Айдар Дауытовпен ілігіседі. Оның айтуынша, әнші әлденені бір айтып, шуылдап, қасында отырған спортшыға маза бермейді. Спортшы ескерту жасағанда, әнші оған боқтық сөз қайырады. Ұшақтан түскен соң, спортшыны қасында білек сыбанған оншақты жігіт бар, Бейбіт Қорған күтіп тұр екен. Әлгілер сөзге келмей спортшыға жабылып, тепкілеп тастайды. Бұл төбелес Алматы әуежайының бақылау камерасына жазылып қалған.

Асхат Тарғын

Еліміздегі тойлардың бірінде асабамен сөзге келіп, артынан екеуі қонақтар алдында жаға жыртысады.

Жадыра Құтпанова

2014 жылы “Дауыс International” тобының экс-мүшесі, әнші Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде басқарған жерінен полицейлердің қолына түскен еді.

Әнші Бостандық ауданы ІІБ ғимараты алдында мінезін көрсетіп, бір тәртіп сақшысының киімін жыртса, келесісінің қолынан тістеп алған. Кейіннен әртіс үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Нұрлан Еспанов

Жүргізушілер арасында туындаған жанжал жол қиылысында тұрған автокөліктердің бірінің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Бейнероликтен байқауға болатындай, бағдаршамда тоқтап тұрған көлікке басқа көлік соғылған. Зардап шеккен көлік иесі мен соғылған көліктің иесі шығып төбелесе кеткен. Ал Нұрлан Еспанов оларды ажыратпақ болған.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмаханның көп іздеген сүйіктісін Қырғызстаннан тапқаны рас па? (видео)

Сиви Махмуди

Сиви Махмуди әріптесі Ринат Баситовтың көлігінің шамын көшенің қақ ортасында  шағып тастайды. Әнші экранға шықпауы тиіс кадрлерді таратып жібергені үшін Ринатқа қатты ашуланды деген.

Бүгінде кейбір әншілер өздеріне қара пиар жасау үшін түрлі әрекеттерге барып, көрермендерді алдап жатады. Бірақ, кейбір әншілеріміздің мұндай қулығы жүзеге аспай, ел алдында масқара болып жататын кездері де аз емес.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611271-kopshilikke-shataq-minezimen-tanymal-b.html