RU

Америкада жүрген қазақстандықтар алапат дауылдың келе жатқанын естіп жан ұшыруда

Доминикан республикасындағы қазақстандық туристер "Ирма" дауылының соққысына дайындалып жатыр.  Олар демалыстарының шырқы бұзылады деп ойламаған. Мұхит суына шомылып, күнге күюдің орнына туристер табиғи апаттан аман қалудың жолдарын қарастыруда деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Аталмыш дауыл ең шекті деген бесінші деңгейге – сағатына 300 шақырым жылдамдыққа жетті.

«Қазір біз заттарымызды сөмкелерге салып жинап отырмыз. Жол сандықты ең жоғарғы сөреге қойдық. Цунамиді казинода күтеміз. Егер байланыс болмаса желіде онлайн отырыңыздар. Елшіліктер мен консулдықтардан көмек сұраңыздар», – дейді Қазақстаннан барған турист.

Тағы оқыңыздар: Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

СІМ қазақстандық туристерге қонақүйлерден шығып, теңіз суына шомылмау туралы кеңес берді. Егер олар апатты аймақта қалып қойса, Қазақстанның Канададағы елшілігі немесе Кубадағы дипломатиялық қызмет өкілдерімен байлансуына болады. Байланыс нөмірлері СІМ сайтында көрсетілген. Қазір онда ешкім көмек сұрап хабарласпаған.

Қауіпке қарамастан Кариб аралдары отандық туристер жиі баратын орын болып келеді.

«Доминикан республикасы - қазақстандықтарға ұнайтын туристік ел. Өйткені ол жақ қызықты. Егер табиғи апат болса, біздегі келісімшартта барлығы қарастырылған. Ондай жағдайда біз туристерді алып кете аламыз", - деп үмітттендірді туристік агенттік директоры Айгүл Ерғазиева. 

Ауа-райы жағдайына байланысты Пунта-Кана әуежайы жабық. Әуе қатынасы ертең қайта ашылады.

Тағы оқыңыздар: Бүркіт пен Аиша әлемді шулатқан «Ирма» дауылынан қалай аман қалғандарын айтты

Егер дауыл шығысқа бағыт алса, Багам аралдарына, ал егер батысқа қарай кетсе Флоридаға қауіп төнбек.

«Ирма» дауылы соңғы он жылда Атлантикадағы ең күшті дауыл деп саналады.

Ол тіпті Техас жағалауына апат алып келген «Харви» дауылынан да күшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611275-amerikada-zhurgen-qazaqstandyqtar-al.html