RU

Танымайтын жігіт алып қашқан қыз беташары өткен соң өз үйіне кетіп қалған

Отбасын құрғанына бір апта болған қыз «күйеуім ұнамайды» деп ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Ikerim.kz сайтына келіннің қайын әпкесі хабарлады.

Өзінің есімін Жанар деп таныстырған келіншек өткен айда інісінің бір қызға үйленгенін айтты. Қызды ортақ таныстары арқылы бір рет көріп, алып қашып келген. Қыздың туған жері Таразда, бірақ Оңтүстіктің қаласына барып колледжде оқып жүрген екен.

Алғашында қыз қалмайтынын айтып, байбалам салған. Бірақ үлкендер үгіттеп, өз ата-анасының келісімімен сол босағада қалады. Одан соң беташар өткізіліп, құда күтіледі.

Тағы оқыңыздар: Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Ал бір апта өткенде қыз туыстарына кететін айтып хабарласады. Мұны естіген жігіттің туыстары жас келіннен мән-жайды сұрайды. Келін ешкімге тағар міні жоқ екенін, бірақ жігіттің ұнамайтынын айтып, кетуге рұқсат сұрайды.

Келінді ақылға шақырып, келісімге келген әулеттің үлкендері кеткен кезде ол үйіндегілерді алдап бәрі-бір қашып кеткен.

Жанардың айтуынша, қазір келіннің анасымен сөйлесіп, құдалар арадағы түсініспеушілікті шешуге тырысып жатыр екен.

Бірақ бұл жақсылыққа апармайтынын айтқан Жанар жігіттерге танымайтын қызды алып қашпауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611307-tanymaytyn-zhigit-alyp-qashqan-qyz-beta.html