RU

Желіде діншілдер мен қала әкімі арасындағы тартыстың видеосы пайда болды (видео)

Ғаламтор желісінде Жаңаөзен қаласының әкімі мен діншілдер арасындағы тартыстың видеосы жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Аталған бейне instavideo-kaz парақшасында пайда болып, оны көпшілік қызу талқылап жатыр.

Бейне жазбадан қала басшысы жанына жиналған бірнеше жігітке оқушы қыздардың мектепке хиджаб киіп келмеу керектігін айтып түсіндіруде. Ал әкімге қарсы топ балаларының хиджаб емес, мұсылманша бастарын жауып, ұзын көйлек кигенін қалайтынын айтып сөз жарыстыруда.

Тағы оқыңыздар: Мьянмадағы қырғыннан зардап шеккен мұсылмандарға жеті млн доллар көмек берілмекші

«Мынау хиджаб қой. Мұнымен болмайды. Мектепте спорт бар, музыка оқиды. Олар жүгіреді, билейді бала болғаннан кейін, мына киім оларға ыңғайсыз. Біз балаларды мектептен қуып жатқан жоқпыз, оқиды олар.  Бірақ ішкі ережені сақтауы керек. Етегі тізесіне жететін көйлек киіп, орамалсыз келсін. Түсініңіздер, ол балалардың барлығы ертең молда болмайды ғой. Бірі мұғалім, бірі дәрігер болады. Сонда қалай жұмыс жасайды?», - дейді басшы.

Желі қолданушыларының сөзінше, дінге берік азаматтарға жалғыз өзі түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқан Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі Әбілов Елубай Жақайұлы екен.

Олар бірауыздан әкімге қолдау көрсетіп, діни алауыздыққа тоқтам қойып, барлық оқушы мектеп формасын кию керектігін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611385-zhelide-dinshilder-men-qala-akimi-arasy.html