RU

Майамиде жүрген Нұртас Адамбай қорқынышты дауыл алдындағы жағдайды айтып берді

Қазақстандық актер Нұртас Адамбай бүкіл әлемді өзінің орасан зор күшімен дүр сілкіндірген "Ирма" дауылы болады деп күтіліп отырған қауіпті аймақта қалып қойды. Ол әлеуметтік желі арқылы Майамидегі жағдайды жария етті.

Нұртас Адамбай кеше Майамиде Алматыдан келген студент қыздарды көріп қалғанын жазды.

"Кеше Майамиде алматылық студент қыздарды көріп қалдым. Олар жетісі күні үйге қайтатындарын айтқан. Атын да сұрамаппын, бірақ қайтып кетті деп үміттенемін.

Ол жақта осыншалық күшті дауыл болатынын ойламаппыз. Түнде әуежайда астаналық студенттерді көрдім. Олардың рейсін сегізіне ауыстырыпты. Оларға жалға көлік алып, ол жақтан тезірек кетуге кеңес бердік", - деген ол өзінің кептеліс болмай тұрып, ол жақтан кетіп қалғанына шүкірлік етті.

Тағы оқыңыздар: Мьянмадағы қырғыннан зардап шеккен мұсылмандарға жеті млн доллар көмек берілмекші

"Қайта біздің жолымыз болып, кептеліс болмай тұрып Майамиден шығып кеттік. Facebook-тегі досым Temir Khan сол жақта қалған. Үйде қалып, дауылды күтем деп ойлаған еді. Алайда таңертең телефон арқылы сөйлескенімде, ақыры кететінін айтты. 

Дүкендерде су жоқ, көшелерде адам жоқ. Үйлердің терезелері мен сөрелерді металл жабындылармен жауып жатыр. Құм толтырылған қаптарды таратуда", - деп жазды әртіс Майамидегі жағдайды баяндап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір топ қазақстандық туристер қауіпті аймақта қалып қойған.

Тағы оқыңыздар: Бір жыл бойы клиенттерден ақша ұрлаған банк қызметкерінің қылмысы әшкере болды

Ал Қазақстан СІМ туристерге теңізге шықпай, қонақүйлерде отыруына кеңес берді.

"Ирма" деп аталатын дауыл Алтантикадағы соңғы он жыл ішіндегі ең күшті дауыл саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611403-mayamide-zhurgen-nurtas-adambay-qorqy.html