RU

Петропавлдағы сарбаз өлімі: төбелесіп қалған курсанттар бір топта оқыған

Петропавлдағы әскери институтта қаза тапқан курсант пен оны өлтірді деген күдікке ілінген жігіт бір топта оқыған деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Әскери институттың бастығы Серікхан Әбселемовтің ақпараты бойынша, екеуі де жақсы курсант болған.

«7 қыркүйек күні түстен кейін 3-курстың екі курсанты арасында жанжал туындап, пышақ жарақаты салдарынан курсант Тұрсын қаза тапты. Күдікті оқшаулағышқа қамалды, тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Курсанттар бір топта білім алған. Екеуінің арасында айтарлықтай жанжал болмады. Екеуі де тек жақсы қырынан көрініп жүрді. Күдікті жігіт - спортшы», - деді Серікхан Әбселемов.

Тағы оқыңыздар: Трамптың үлкен ұлы ресейлік адвокатпен болған кездесуінің қалай өткенін айтты

СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Күдікті - 19 жастағы институт курсанты ұсталып, Петропавл қалалық уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611506-petropavldaghy-sarbaz-olimi-tobelesi.html