RU

Елордадағы дүрбелеңге қатысқан 61 үндістандық азамат елден шығарылмақшы

Астана қаласының басшылығы Қазақстандағы БАӘ Төтенше және өкілетті елшісі және «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығымен («Абу-Даби Плаза» кешенінің бас мердігері) кездесті деп хабарлайды NUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде орын алған жағдайға қатысты болды.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы алдағы күндері 61 шетелдік жұмысшы (Үндістан азаматы) «Абу-Даби плаза» құрылыс алаңында тәртіп пен қоғамдық жағдайды бұзғаны үшін елден шығарылады, оның ішінде 23 адам бір тәулікте отанына оралады деп хабарлады.

Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті және шетелдіктерден Қазақстан Республикасының Заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарауды талап етті.

Тағы оқыңыздар: Трамптың үлкен ұлы ресейлік адвокатпен болған кездесуінің қалай өткенін айтты

Естеріңізге сала кетсек, 2 қыркүйек күні кешкісін "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.

Орын алған қақтығыстан кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611581-elordadaghy-durbelenhge-qatysqan-61-undi.html