RU

Алматыдағы ескерткіштердің біріне салынған сурет елді дүрліктірді (фото)

Алматыдағы Гоголь мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан ескерткіш елді шулатты. Онда бейнеленген қобыздың суреті елдің күлкісіне қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушылары суретте бейнеленген қобыздың суреті сәтсіз шыққан деген пікірде. Бұл сурет әлеуметтік желілер, оның ішінде Whatsapp желісі арқылы тез тарап кетіп, Қазнет қолданушылары оған түрлі әзілдер ойлап тауып жатыр.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді (фото)

Мұндай пікірлерден соң аталған ескерткіштегі суретті жауып тастаған. Дегенмен оның суреті әлі де желіде қызу талқыланып жатыр. Желідегілердің айтуынша, мұндай екіұшты мағынасы бар суреттің қала көшелерінде пайда болуы ұятты нәрсе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611615-almatydaghy-eskertkishterdinh-birine-s.html