RU

АҚШ-ты шулатқан қазақ полицейі қарсыласын "орнына" қойды (фото)

Бүгін Астанада қазақстандық кəсіпқой бокс шеберлері жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рəсімін өткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталының Астанадағы тілшісі.

Хан Шатыр сауда орталығында өткен атаулы шараға қала тұрғындары жаппай келді. Көрермендер əсіресе АҚШ-тың құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген Димаш Ниязов пен қарсыласының салмақ өлшеу барысында қазақстандық боксшыға сес көрсеткен Угандалық Чарлис Мулиндва "теке-тіресіне" назар аударды.

Тағы оқыңыздар: Жұлдыз Өмірғалидің Айқынға ұл туып бергені рас па? (фото)

Шетелдік əріптесінің бұл "əрекетін" қазақстандықтарға жат қылық деген Димаш, қарсыласын қалай да "орнына қоятынын" мəлімдеді.

"Дайындығым жаман емес. Қарсыласым салмақ өлшеу барысында сес көрсетіп, психологиялық тұрғыда өзінің басым екенін көрсетпек болды. Біздің Қазақстанда ондайға жол берілмеуі тиіс. Сондықтан оны орнына қоюымыз тиіс", - дейді бокшы.

Сонымен бірге Димаш Ниязов аталған жекпе-жек оның мансабына қандай да бір кері əсерін тигізбейтінін, керісінше АҚШ пен қазақ елінде жанкүйерлерінің көбеюіне əсер ететінін жеткізді.

Тағы оқыңыздар:  Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді (фото)

 "Менің бокспен айналысатынымды көпшілік біледі. Керісінше менің жанкүйерлеріммен бірге америкалық əріптестерім де менің бокстағы мансабыма үлкен қолдау көрсетеді", - дейді былғары қолғап шебері.

Ал "қарсыласыңды қай раундта жеңуің мүмкін?" деген сауалымызға белгілі боксшы "оның барлығын жекпе-жек көрсетеді, десе де мен нокаут жасауға тырысамын", - деп қысқа қайырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611826-aqsh-ty-shulatqan-qazaq-policeyi-qarsyl.html