RU

Теңге бағамы тағы да түсіп кетті

Теңге бағамы қазақстандық KASE қор биржасының күндізгі сауда нәтижелері бойынша құнын түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сегізінші қыркүйек күні өткен күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 334,66 теңгені құрады.

Таңертеңгілік сессияда ұлттық валюта құнын көтеріп, долларына 333 теңгені құраған болатын.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда трамвай астында қаза болған қыздың отбасына пәтер сыйға тартылмақ

Kurs.kz мәліметтері бойынша, Алматы мен Астананың айырбас нүктелерінде долларды 337,5-338 теңгеге сатып, 335-336 теңгеге сатып алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611886-tenhge-baghamy-taghy-da-tusip-ketti.html