RU

Қазақтан жеңілгенін мойындамаған моңғол балуаны ренжігеннен боз кілемге жатып алды (фото, видео)

Сегізінші қыркүйекте Астанада тағы бір спорт додасы өтуде. "Барыс Аренада" қазақ күресінен əлем чемпионаты өтіп, палуандар "Əлем барысын" анықтауда деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Елордада өтіп жатқан "Əлем барысы" додасында Айбек Нұғымаровтан жеңілгенін мойындамаған моңғол балуаны төрешілердің шешімін əділетсіз деп танып, боз кілемде "отырып" алды.

Палуанның бұл қылығын елордалықтар "бейəдеп" деп танып, Нұғымаровтың таза жеңіске жеткенін жеткізіп жатты.

Тағы оқыңыздар: Көшеде Димаштың әнін шырқаған қытайлық қыз елді таңғалдырды (видео)

"Əлем барысы" сияқты əлемдік додада осындай жайттардың орын алып жатқаны өкінішті, əрине. Көрермен куə, Айбек таза жеңіске жетті. Тек күш-қуаты жағынан тең түскені болмаса. Жерлестерімізді, əрине иек жеңіс тұғырынан көргіміз келеді", - дейді Астана тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан "Əлем барысы" күрес додасына əлемнің 38 елінен 42 балуан қатысып жатыр. Бірер сағаттан кейін "Əлем барысы" қай елдің палуанына бұйыратыны белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611975-qazaqtan-zhenhilgenin-moyyndamaghan-mo.html