RU

Ажал айдап барған: ОҚО-да тоғыз жасар бала каналға ағып кетті

Шардара ауданындағы Қызылқұм каналына тоғыз жасар бала батып кетті. Құтқарушылар оқушының денесін бір сағаттың ішінде тауып, жағаға алып шықты. Бұл жыл басынан бері судың құрбаны болған облыстағы 17-ші бала деп жазады Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған sn.kz.

Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат бестер шамасында Алатау батыр ауылында орын алған. Құтқарушыларға сол канал маңында болған ауыл тұрғындары дереу хабар беріпті. Айтуларынша, 2008 жылғы бала суға түсіп, қайта шықпаған.

"Шақырту сағат 17:25-те келіп түсісімен оқиға орнына дереу бес құтқарушы жіберілді. Іздеу тобы 18:15-те баланың денесін іздеуге кірісіп, 19:20-да мәйітті жағаға алып шықты», — дейді ОҚО ТЖД бас маманы Павел Вишенин.

Тағы оқыңыздар: Айбек Нұғымаров қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп, "Əлем барысы" атанды (фото)

Оның айтуынша, қайғылы оқиға болған жерде шомылуға тыйым салынған екен. Ол жерде құтқарушылар жұмыс істемейді. Алайда, соған қарамастан, жергілікті тұрғындар суға шомыла береді екен.

Жалпы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 31 адам суға кетіп қайтыс болған. Олардың 17-сі кәмелет жасына толмаған балалар. Ал, былтырғы 12 айда өңірде 70 адамның ажалы судан келген. Олардың 42-сі кішкентай балалар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612060-oqo-da-toghyz-zhasar-bala-qyzylqum-kanal.html