RU

Аты аңызға айналған қазақстандық футболшының жары өмірден озды (фото)

Қазақстан футбол одағының бұрынғы президенті, әйгілі футболшы Қайрат Санжарұлының жұбайы Клара Сегізбаева бүгін өмірден озды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы танымал кәсіпкер Қайрат Боранбаев өзінің желідегі парақшасында жариялады.

"Қайырлы күн! Бір сағат бұрын Клара Сегізбаева ханым өмірден өтті. Қайғыңызға ортақпын, Тимур Санжарұлы!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Ажал айдап барған: ОҚО-да тоғыз жасар бала каналға ағып кетті

Сегізбаева Клара Абдоллақызы 1939 жылы туған.

Ол жан жары Қайрат Сегізбаевпен Айгүл (1962 жылы туған), Жанна (1971 жылы туған) және Лаура (1978 жылы туған) есімді үш қыз тәрбиелеп өсірген. Олардың Санжар, Әлихан Индира, Рената деген немерелері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612222-aty-anhyzgha-aynalghan-qazaqstandyq-fut.html