RU

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығы мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, күндіз бұршақ жауып, дауыл көтерілуі ықтимал. Ақмола облысының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір топ жігіт алып қашқаннан кейін өлі күйінде табылған қыздың туыстары жанайқайын жеткізді

Маңғыстау, түнде Қарағанды, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде екі градусқа дейін үсік жүреді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кейбір аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612362-elimizdinh-basym-boliginde-zhanhbyr-zhau-3.html