RU

Ақбота Сейітмағамбет Дәуренмен шариғат бойынша некесін қидырғанын мойындады

Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен шариғат бойынша некесін қидырғанын мойындады. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әншінің Дәуреннен Ибраһим есімді үш айлық баласы бар.

"Толғағым қиын болды, 3500 келі болды. Перзентханадан шыққан соң үлкен кісілер қарасты. Басында баланы шомылдырудың өзіне қорқым жүрдім. Қазір, шүкір. Көбі айтады папасына ұқсайды деп... Ең бастысы аман болсын", - дейді баласы туралы сыр шерткен Ақбота.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның Брэндон Кукке қарсы жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды

Әнші тұңғышын жаңа жұмыс орнына күнде алып келіп жүретінін айтуда. Оған көмекшілері баланы қарайласуға көмектеседі екен. Ал келін ретінде Ақбота алғашында сәлем салып, орамал тағып жүргенін жасырмады.

"Бастапқы кезде сәлем салу, орамал тағу болды. Кейін өздері рұқсат берді орамал тақпауға. Қазіргі таңда баяғыдай Ақбота болып жүрмін. Біздің тек шариғат бойынша некеміз қиылған. Заңды түрде босанып бола салып, некемізді қиюға құжаттарды тапсырдық", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612500-aqbota-seyitmaghambet-daurenmen-shari.html