RU

ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Үш ай бойы күллі əлем мен қазақстандықтарды түрлі мəдени іс-шараларымен қуантып келген "ЭКСПО" көрмесінің жабылуына да санаулы күндер қалды. Осыған орай көрмені тамашалаушылар саны да соңғы күндері күрт артқан. Солардың бірі - өскемендік Жанбота Тоқтағазин деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жұбайының науқас екеніне қарамастан, "ЭКСПО"-ны аралатпақ болған қала қонағы, көрмеге кіру үшін, сағаттап кезек күткенін айтады. Тұрғынның айтуынша, мəселенің бəрі - мүгедектерге арналған арбаларға келіп тірелген. Көрменің соңғы күні олардың саны жетіспей, мүмкіндігі шектеулі жандар оны сағаттап күтуге мəжбүр болған.

"Бүгін кісі көп дейді. Демек бүгін-ертең көрменің жабылатыны, сəйкесінше көрмеге келуші адам санының да артатыны белгілі ғой. Мұндағылар арба саны бар-жоғы - 15 дейді, демек арбалардың бұл саны соңғы күнге аздық ететіні анық емес пе? Соның санын көбейтіп қойса болатын еді ғой", - деп күйінді көрме қонағы.

Тағы оқыңыздар: Айқын Жұлдыз Өмірғалиден бала сүйгенін жоққа шығармады (фото)

Сондай-ақ, ол мұндай олқылықтың орын алғанына əкімшілердің кінəсі жоқ екенін, бұның барлығы көрме ұйымдастырушыларының "кемшілігі" екенін қадап айтты.

"Анықтама бюросына барсам екі қыз отыр. Біз шеше алмаймыз дейді. Шеше алмайтын болсаңдар, ұйымдастырушыларға, бастықтарыңа жібер дедім. Былай қарасақ та олардың да кінəсі жоқ. Кінə ұйымдастырушыларда. 15 арбаның үстіне тағы 70-100 арба қосуы керек. Себебі, дəл бүгін келетін адамдар саны көп. Себебі, бүгін жабылатын күн", - деп өз күйінішін білдірді шаһар қонағы.

Айта кетейік, бас шаһарда үш ай бойы жалғасқан шараның ертең жабылу салтанаты өткізіліп, онда ауқымды от-шашу болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612566-ekspo-gha-kelgen-mugedek-zhandar-saghatt.html