RU

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып тастады (фото)

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде шаршы алаңға Бразилия өкілі Исмаил Буено мен қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов шықты. Мейірім қарсыласын бірден жеңді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бразилиялық 21 кездесу өткізіп, 15 жеңіс (оның 10-ы нокаутпен),  6 жеңіліс тапқан. Ал Мейірім 3 кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске (оның 2-і нокаутпен) жеткен.

Мейірім алғашқы раунд басталғаны сол-ақ еді, мықты соққыларымен қарсыласын ринг сыртына бір-ақ шығарды.

Былғары қолғап шебері қарсыласын бірінші раундта-ақ айқын басымдықпен жеңіп, бокс додасының шымылдығын жеңіспен ашты.

Айта кетейік, бүгін Астанада қазақстандық кəсіпқой бокс шеберлері шетелдік боксшылармен қолғап түйістіруде.

Көпшілік əсіресе, белгілі бокшсы Қанат Ислам мен канадалық Брэнд Кук арасындағы жекпе-жекті асыға күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612617-meyirim-sultanov-qarsylasyn-birinshi.html