RU
Тағы да нокаут: Қанат Ислам канадалық боксшыны есінен тандырды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Тағы да нокаут: Қанат Ислам канадалық боксшыны есінен тандырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек өтті. Жерлесіміз кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Тағы да нокаут: Қанат Ислам канадалық боксшыны есінен тандырды (видео)

Қанат Ислам. Фото: NUR.KZ

Жекпе-жекті өте ширақ бастаған Қанат Ислам қарсыласын ауыр соққыларымен састырды. Алғашқы екі раунд бойы соққы жаудырған жерлесіміз үшінші раундта Кукты есеңгіретіп, нокдаунға жіберді.

Көпшілік нокаут деп ойлағанымен, 8 секунд ішінде есін жиған канадалық боксшы кездесуді жалғастыратынын айтты. Бір жағынан, Брэндонға гонг үні  де көмекке келген.

Жекпе-жектің орта тұсында  жерлесіміз қарсыласын тағы да нокдаунға жіберді. Бесінші раундта Қанаттың жойқын соққысынан Брэндон есеңгіреп қалды. Дегенмен, ол өзінің әккі боксшы екенін дәлелдеп, дереу жекпе-жекті жалғастырды.

Алайда, канадалық боксшы үшінші рет тағы да нокдаун алып, Қанаттың жойқын соққысынан соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут!

Бүгін Қанат Qazaq Ислам кәсіби бокстағы 25-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бүгін шаршы алаңға шыққан қазақ боксшыларының барлығы да жеңіске жетті. Олардың арасында Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы, Димаш Ниязов, Мейірім Нұрсұлтанов, Жанқош Тұраров пен Айдос Ербосынұлы бар.

Қанат Исламның лақап аты - Qazaq. Ал Брэндон бокс жанкүйерлеріне Bad Boy, яғни "Жаман бала" атымен танымал.

 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
9
11
6
13
269
59
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel