RU

Астанада концерт берген шымкенттіктер тағы да ұятқа қалды

Жуырда Астанадағы "Бәйтерек" маңында концерт берген шымкенттіктер ұятқа қалды. Облыс әкімінің көзінше бейәдеп сөздер айтып, "шешеңнен" боқтаған олар бүкіл бір облыстың атына кір келтірді деп жазады "Замана" газеті.

"Ол масқара жағдай Астанадағы «Бәйтерек» кешенінің жанында өткен концерт кезінде орын алыпты. Оқиға былай болған. Ол жерде үлкен концерт беріліп жатады. Сахнада  – шымкенттіктер! Көрермен ішінде Астананың ылғи мен деген ығайлары мен сығайлары. Әкімдер, министр­лер, депутаттар, белгілі тұлғалар. Қысқасы, мыңдаған адам концерт көріп тұрады. Елдің бәрінің көңілі көтеріңкі, жүздері шат.

Тағы оқыңыздар: Шавкат Мирзиёев Назарбаевтың шақыртуымен Астанаға ұшып келді

Кенет... Концерт жүргізуші кезекті номерді енді хабарлайын деп тұрған кезде микрофон өшеді де қалады. Бұл ешкім де күтпеген жағдай. Халық тым-тырыс. Сахна жақ жым-жырт. Құлаққа ұрғандай тыныштық... Се­кунд­тар зырылдап өтіп жатыр.

Бір кезде барып микрофон іске қосыла кетеді де зор дауыспен ай­қай салын­ған боқтық сөз естіледі. Біреудің «Шешеңнің а...... с......!» деген зор даусы жаң­ғырып шыққанда жұрт дүр ете қалады", - деп жазады мақала авторы.

Оның айтуынша, бұл масқара жағдайды көріп отырғандар таңқалғаннан бір сәтке үнсіз қалған.

"Мынау масқарадан елдің бәрі естен тана жаздап, сілейіп тұрып қалады. Артынша сол жерде концерт тамашалап тұрған облыс әкіміне жұ­рт­тың бәрі жалт-жалт қарайды. Ал ол болса қысылғанынан қолындағы телефонын шұқылап кетеді. Яғни ел ерге қа­райды, ер жерге қарайдының кебі ғой. Ал оның қасында жүрген орынбасары екі беті қып-қызыл болып, сахнаға қарай шаба жөнеледі", - деп жазған басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612832-astanada-koncert-bergen-shymkenttikt.html