RU

БҚО-да әкім орынбасарының 16 жастағы қызы сұлулық байқауында елді тәнті етті (фото)

БҚО-да 16 жастағы облыс әкімі орынбасарының қызы "Орал аруы-2017" байқауында "Супермодель" атағын жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ. 

16 жастағы 10-сынып оқушысы Светлана Стексова Түркияда болатын «Miss International» халықаралық сұлулық байқауына Оралдың атынан қатыспақ.

Тағы оқыңыздар: Түркиядағы өмірге тәнті болған қызылордалық бойжеткен елге қайтудан бас тартты (фото)

Ол "Орал аруы-2017" байқауында жеңіске жеткен.

Бойжеткеннің әкесі - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов қызын қолдау үшін байқауға арнайы келді. 

Светлана байқауда қазақша би биімен және мінсіз мүсінімен әділқазылар алқасын таңғалдырған.

Ал "Орал аруы" атағына Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Базарбаева иа болған.

Адина Базарбаева "Қазақстан аруы-2017" байқауына Орал қаласынан атынан қатысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612898-bqo-da-akim-orynbasarynynh-qyzy-oral-ar.html