RU

Айнұр Тұрсынбаеваның танымал актермен көңіл қосқаны рас па?

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзін танымал актерге қосқандарға жауап беріп, Саят Исембаевпен ара-қатынасы туралы ашық айтты.

Бұл туралы ол Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

"Бұл қазақ кімді кімге қоспады? Ол жағынан таңғалудың керегі жоқ. Исембаев Саятпен Қытайда таныстым. Ол кезде он күндей Қытайға бірге бардық. Оған дейін араласып көрмегенбіз. Тек кино жұлдызы ретінде ғана танитынбыз", - деген ол оның қарапайымдылығына, тәрбиелілігіне, дарынына қатты сүйсінгенін жасырмады. Сондықтан ол Саятпен бірге түскен суреттерін желіге жүктеген.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да әкім орынбасарының 16 жастағы қызы сұлулық байқауында елді тәнті етті (фото)

Елдің түрлі сөзіне еті үйреніп кеткен ол бұған еш таңғалмайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612905-aynur-tursynbaeva-tanymal-aktermen.html