RU

Назарбаев мұсылман мемлекеттерінің G20 сияқты жеке форумын құруды ұсынды

Бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, OIC15 форумын құру керектігін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ислам әлеміндегі маңызды ғылыми-экономикалық мәселелерді шешу үшін G20 форумы сияқты бізге де бейресми топ құратын кез келді деп ойлаймын. Ислам ұйымының алдыңғы қатарлы он бес мемлекеті бірігіп, оны OIC15 деп атасақ дұрыс болар еді.

Тағы оқыңыздар: Нұрсұлтан Назарбаев Мьянмадағы қанды қырғынға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Ислам үмметіне ғылым мен техникалар саласын да дамыту мәселесі өте маңызды болып отыр. Осыған орай алдыңғы қатарлы батыс елдерімен тұрақты әрі жемісті байланыстар орнату қажет. Олармен өзара байланыста болуымыз түбі ислам елдерінің ілгерілеуіне пайдасын тигізетіні анық», - деді Президент.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612942-nazarbaev-g20-forumy-siyaqty-musylman-mem.html