RU

Асхат Садырбай Ninety One-нан қалып қойғаны үшін өзін балағаттаған танымал әншіні әшкереледі

Танымал журналист Асхат Садырбай клипінің рейтингі әйгілі "Ninety One" тобынан қалып қойғаны үшін өзін балағаттап тастаған әнші туралы ашық айтты. Оның көргенсіздігіне қатты наразы болған журналист шоу-бизнес өкілінің бұл әрекетін жайып салмаққа бел буған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Асхат Садырбай өзінің Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырды.

Аталмыш жазбасында ол өзін балағаттаған әншінің көргенсіздігі мен тексіздігі туралы айтып, Ninety One тобының "Ескі таспа биі" деп аталатын клипінің жинаған даусы Төреғалидің "Бір түрлі қыз"  клипіне берілген дауыстан әлдеқайда көп екенін көрсеткен.

Тағы оқыңыздар: Айнұр Тұрсынбаева өзін танымал актермен қосқандарға шындықты айтты

Осылайша ол ешкімді алдамағанын, бейнебаянның шынымен де аталған топтың туындысынан қалып қойғанын көрсеткісі келіпті.

Дегенмен, Асхат өзіне бейәдеп сөздер айтқан әншінің нақты Төреғали екенін де жазбаған. Аз уақыттан соң ол бұл жазбасын мүлдем өшіріп тастады.

Ал желі қолданушылары болса, журналистің айтып отырғаны анық Төреғали Төреәлі екенін жарыса жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1612964-ninety-one-tobynan-qalyp-qoyghan-tanymal-anshi.html