RU

Жабылуына бірнеше сағат қалған ЭКСПО алдына жиылған жұрт бір-бірін таптап кете жаздады (фото, видео)

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесі ресми түрде жабық деп жарияланатын күн. Мыңдаған турист дәл осы күні Астанаға келуді жоспарлап, нәтижесінде олар сағаттап кезек күтуге мәжбүр. NUR.KZ порталы ЭКСПО-дағы жағдайдан арнайы репортаж ұсынады.

ЭКСПО-ның алдында мыңға жуық адам кезек күтуде. Еріктілердің хабарлауынша, оларға 4 сағат күтуге тура келеді.

Алайда 4 сағат кезек күтуден жиналған жұрт жүрексінген жоқ. Дегенмен, мүгедектер арбасына таңылғандар мен қоларбамен келген аналарың да қарасы көп. Балаларының жылағанына қарамастан олар көрме маңынан кетер емес.

Тағы оқыңыздар: Айнұр Тұрсынбаева өзін танымал актермен қосқандарға шындықты айтты

Ал көрме ішінде не болып жатқаны елестету мүмкін емес. Страшно представить, что сейчас творится внутри самой сферы.

Әсіресе Монако, Германия, Австрия, Израиль мен Ресей павильондарында аяқ шаншар жер жоқ.

Павильон ішінде тыны алу да қиындай түскендей. Тіпті суретке түсірудің өзі оңай емес.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да әкім орынбасарының 16 жастағы қызы сұлулық байқауында елді тәнті етті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613013-zhabyluyna-birneshe-saghat-qalghan-ekspo.html