RU

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанаты болып өтті

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты басталды. Тікелей трансляцияны NUR.KZ порталынан тамашалай аласыз.

Бүкіл Астананың аспанын жарық еткен отшашу аяқталып, сахнаға әншілер шықты. Енді көрермендер МузАрт тобының өнер көрсетуін күтуде.

Сағат 20.59-да салтанатты отшашу болды.

Жабылу салтанатының концерттік бағдарламасы сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жалғасты.

Қазіргі таңда Астанада күн бұлтты. Тіпті жабылу рәсімінде Астанада жаңбыр жауып, дауыл соқты.

 

Сағат 20.50-де салтанатты жабылу рәсімі аяқталып, отшашулар атылды.

Шоуды көргісі келетіндер саны шексіз көп.

Көрермендер қолдарынан ұстасып, Нұр Әлем сферасын жағу үшін, бірікті.

Нұр Әлем үздік сәулет өнер туындылары қатарына енді.

Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми жабылғаны туралы хабарлады. Ол аталған көрмеге атсалысқан барлық жандарға алғыс айтты.

Салтанатты шарада халықаралық көрменің әнұраны ойнап, ЭКСПО көрмесі бюросының президентіне көрме байрағы қайтарылды.

Экспо көрмелерінің бюросының бас хатшысы Винсен Лосерталестің сөз алып, ол Қазақстан көрмені жоғары деңгейде атап өткенін айтты.  ъ

Сонымен бірге ол көрме өз діттеген мақсатына жеткенін де тілге тиек етіп, Қазақстан президентіне жобаны сәтті жүзеге асырып шыққаны үшін алғысын жаудырды.

Жабылу кешінде қазақ халық әндері мен симфониялық оркестрдің қатысуымен концерт болып өтті.

 

 

Көрмеде түрлі технологиялық жаңалықтардың үлгілері ұсынылды.

Мәселен Алматы мен Астанаға дейін минутта жететін пойыз туралы да айтылды.

Көрме барысында 100 миллионнан астам сурет пен 88 үйлену туралы ұсыныс жасалған.

"Нұр Әлем сферасын жасау үшін 13 мың тонна металл қажет болды. Ал Эйфель мұнарасын салу үшін 9 мың тонна металл қажет болған.

Сағат 22.30 амфитеатр "МузАрт" тобы шықпақ. на сцену амфитеатра выйдет группа «МузАрт».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613047-ekspo-2017-kormesininh-zhabylu-saltanaty-b.html