RU

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел тұрады

"Казгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында желдің күшеюіне қатысты алдын ала хабар таратылды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Астанада 11 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 м болады.

11 қыркүйек күні түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашын болып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м күндізгі уақытта секундына 23-28 м дейін жетеді.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев мұсылман мемлекеттерінің G20 сияқты жеке форумын құруды ұсынды

Ақтөбе облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 м болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-20 м жетеді.

Алматы облысында 11 қыркүйек күні жауын жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м болса, күндіз желдің күші 25 м дейін жетеді.

Қостанай облысында желді күші басқа аймақтарда тәрізді секундына 15-20 м жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613251-qazaqstannynh-birneshe-oblysynda-qatt.html