RU

Еліміздегі ең беделді шенеуніктер Қанат Ислам жеңгенде орнынан тұрып кетті (фото)

Өткен сенбіде қазақ елі Қанат Ислам мен ешкімнен жеңіліп көрмеген Брэндон Куктың жекпе-жегін тамашалады. Астана төрінде өткен жекпе-жекке тек спортсүйер қауым ғана емес, сонымен бірге еліміздегі танымал әрі беделді шенеуніктер де келді. Желіде олардың орындарынан атып тұрып, Қанаттың жеңісіне шын қуанған сәтінен сурет пайда болды.

Жанкүйерлер қатарында болған сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қанат жеңген сәтте орындарынан атып тұрып, қуаныштарын жасырмаған.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Олардың дәл осы ерекше шаттанған сәті камераға түсіп қалған. Еліміздегі ең беделді шенеуніктердің бұл суреті желі қолданушыларының талқысына түсіп, олар жағымды пікірлерін жаудыра түскен.

Еске салсақ, аталған кәсіпқой бокс кеші Астанада өткен халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр.

Жекпе-жекте Қанат Qazaq Ислам қарсыласы Брэндон Кукты техникалық нокаутпен ойсырата жеңіп, өзінің 25-ші жеңісіне қол жеткізген болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613303-elimizdegi-enh-bedeldi-sheneunikter-qa.html