RU

Толғаққа шыдамаған келіншек өзіне қол салып, жан тәсілім етті (видео +18)

Қытайда аяғы ауыр келіншек толғаққа шыдамай өзіне қол салды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Әйел толғағы оңай болмайтынын біліп, туыстарынан кесар тілігін жасаттыруға рұқсат беруін өтінген. Себебі, құрсағындағы баланың басы тым үлкен болған екен. Оны табиғи жолмен босану қатты ауырсынуларға әкеліп соқтырған.

Алайда жақындары әйелге кесар тілігін жасаттыруға мүлде рұқсат етпей қойыпты. Салдарынан ауырсынуларға шыдамаған келіншек дәлізге жүгіріп шығып, бесінші қабаттан секіріп кеткен.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Өкінішке қарай, құрсақтағы баланы да, анасын да құтқару мүмкін болмады. Келіншектің толғақ қысқанда қиналған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз! (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613371-tolghaqqa-shydamaghan-kelinshek-ozine-qo.html