RU

Қайрат Нұртастың әкесі алғаш рет келінінің мінезі туралы айтты (фото)

Жуырда ғана Алматы төрінде Айдарбековтер әулеті келін түсіріп, ұлан асыр той жасады. Той иесі Нұртас Айдарбеков алғаш рет келінінің мінезі туралы айтты деп хабарлайды Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

"Келінім өте бір керемет, нәзік сондай. Менің Аянымның барған балабақшасы орысша, мектебі орысша болды. Соны ойлап жүретінмін өзім, осыған келген келін қалай болады екен деп. Жоқ, өте керемет, өте бір сондай аңғал, ешқандай бойында бір арамдық жоқ. Бүгін қаншама өздеріңіз куә болып жатырсыздар, халық келіп сыймай жатыр. Аллаға мың да бір шүкір, жора-жолдас, туған-туыс, ағайынның ортасында кішкентай да болса абыройымыз бар екен ғой деп жұбайым екеуміз қуанып жатырмыз"- деп ағынан жарылды ол.

Тағы оқыңыздар: Баян Мақсатқызы өзін үлгі тұтқан бойжеткенге анасын тыңдамауға кеңес берді (фото)

Астаналықтармен құда болған Нұртас мырза келінінің "арғын" руынан екенін айтты.

"Құдаларым Астананың төрінен. Қазақ болғасын руға бөлмей тұрмаймыз, Сарыарқаның жерінен "арғын" ағайындар. Өте бір жақсы кісілер. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда барады. Құдай қаласа бұлар да жақсы болатын шығар деген ойдамын",- деді жұлдызды отбасының отағасы.

Ал Аянның інісі Заңғар Нұртас жеңгесінің қолының шебер екенін айтып, жас келіннің дәмді тамақтары тіл үйіретінін жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Асхат Садырбай Ninety One-нан қалып қойғаны үшін өзін балағаттаған танымал әншіні әшкереледі

" "Ерке бала" деп ат қойды маған. Үйде компот, түрлі- түрлі тәтті тағамдар дайындайды. Өзінің үйіндегі анасы үйреткен тағамдарды жасайды. Бізге ол өте ұнайды, біз үшін жаңа тағамдар өте қызықты, өте дәмді. Жеңгем екеуі бір-бірін қатты жақсы көреді, ағам екеуі 4-ші сыныптан бастап бір-бірін таниды. Бізге үйленемін деп айтқанда бәріміз түсінбей қалдық, сосын әкем өз келісімін берді",- дейді ол.

Айдарбековтер әулетінің кенжесі келер жылы Гүлзира Айдарбековаға тағы бір келін сыйлайтынын айтты.

"Құдай қаласа ендігі жылы тамыз айында деп жоспарланып отыр",- деді Заңғар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613390-qayrat-nurtastynh-akesi-alghash-ret-keli.html