RU

Атышулы Михаил Саакашвили Украинаға рұқсатсыз басып кірді (видео)

10 қыркүйекте Украина азаматтығынан айырылған Одесса облысының бұрынғы басшысы, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили Польша мен Украина арасындағы шекараны кесіп өтті. Украина билігі оны мемлекеттік шекараның тәртібін бұзды деп айыптады деп хабарлайды centralasian.org.

Украинаның мемлекеттік шекара қызметі "Шегини" өткізу бекетінде агрессиялы топ Ұлттық полиция өкілдерімен төбелес ұйымдастырып, мемлекеттік шекара тәртібін бұзды. Оның ішінде халық депутаттары болды" деп мәлімдеме жасады.

Украинаның бас прокуроры Юрий Луценко шекара тәртібін бұзған Михаил Саакашвили бастаған топтың қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Саакашвили екі рет өзінің жоспарын өзгертіп, Польша-Украина шекарасын кесіп өтіп, "Шегини" (Львов облысы) өткізу бекетіне келді. Бұл жерде Саакашвили келерден бірнеше минут бұрын, шекарашылар өткізу бекетінің жабылатынын мәлімдеді. Екі жақты да арнайы қызметтің әскері қоршап тұрды. Бірақ Саакашвили халықтың және Жоғарғы Рада депутаттарының қолдауымен қоршауды бұзып, Украина аумағына өтті.

Саакашвили Украина президентінің жарлығымен украин азаматтығынан айырылды. Енді оған бұл елге кіру үшін арнайы виза қажет болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613420-atyshuly-mikhail-saakashvali-ukrainagha.html