RU

Жұпыны үйде тұратын Қырғызстанның премьер-министріне жұрт қайран қалды (фото)

Желі қолданушылары Қырғызстан премьер-министрінің уақытша тұратын баспанасына таң қалуда. Жақында Ала-Арча резиденциясына көшіп келген Сапар Исаков көпшілікке жұпыны үйін көрсетті.

Бұл туралы Кактус-медиаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Азаттық құрылымына кіретін "Настоящее время" телеарнасы Сапар Исаковтың Ала-Арча мемлекеттік резиденциясындағы үйінде түсірілім жасады. Сол түсірілім барысында премьер-министрдің тұратын үйі тым жұпыны екені анық байқалған.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Михаил Саакашвали Украинаға рұқсатсыз басып кірді (видео)

Сапар Исаков сұхбат берген бөлмеде теледидар мен екі тоңазытқыш тұр. Түсірілімді көргендер екі тоңазытқыштың неліктен қатар тұрғанын түсіне алар емес.

Премьер болса, бұл үйге енді көшіп келгенін, әлі реттеп үлгермегенін айтып ақталды. Бұл үйде кезінде премьер-министр қызметін атқарған Алмазбек Атамбаевтың өзі тұрған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613425-zhupyny-uyde-turatyn-qyrghyzstannynh-pr.html