RU

Марқұм болған әйел мәйітханаға барған соң қайта тіріліп кетті

Үндістанның 40 жастағы тұрғыны Ратнамда сарыауруға шалдығып, соңғы екі ай бойы ауруханада емделген, кейін отбасы оны үйіне алып кетеді. Жолда Ратнамның жағдайы мүлдем нашарлап кеткен, туыстары «қайтыс болған» әйелді мәйітханаға апарып тастайды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған Baq.kz.

Керала штаты Индукки аймағының мәйітхана қызметкерлері әйелдің туыстарының сөзіне сеніп, қосымша сараптама жасамайды.

Қызметкерлер әйелді тоңазытқышқа орналастырған соң туыстары үйіне тарқасады. Бір сағаттан кейін жерлеу рәсімін өткізуге келгенде ғана әйел қозғалып, тыныс алып жатқанын көреді.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Ратнамның «тірліп кеткеніне» туыстары бір түрлі қарады, өйткені дәрігер шақырудың орнына олар полиция қызметкерлеріне хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелді бірден ауруханаға жеткізген, бірақ Ратнам ауруханаға жатқызғаннан кейін қайтыс болады.

Кейін Керала полициясы әйел медициналық тексеріссіз мәйітханаға жіберілгенін растаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613435-oldi-dep-mayitkhanagha-aparghan-ayel-kut.html