RU

ЭКСПО-ның алдында Астанадан қуылған қаңғыбастар үйіне қайта ма?

"15 Регион" әзіл-оспақ жобасы ЭКСПО-2017 жабылуы және көрменің өткізілуі барысында қаладан шығарылған қаңғыбастардың "үйлеріне" қайтуы туралы скетч жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамыр айының соңы мен маусым айының басында желіде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардың Астанадан Петропавл, Көкшетау және Қарағанды қалаларына орналастыру туралы ақпарат таралған болатын. Дегенмен, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ішкі істер департаменттері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-ға келген мүгедек жандардың өкпесі қара қазандай болды

Роликте көрсетілген оқиға "Голодные игры" триллерінің сюжеттеріне сай келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613511-biz-uyge-qaytamyz-zhelide-uysizderdinh.html