RU

Динара Сұлтанның елден жасырған күйеуі белгілі шенеуніктердің бірі болып шықты (фото, видео)

Бүгінде төрт баланың анасы атанған Динара Сұлтан осы уақытқа дейін көпшіліктен өзінің жұбайын жасырып келді. Бес жыл Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып, елге енді ғана оралған әншінің жары спорттағы шенеуніктің бірі болып шықты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Динараның өмірлік жары Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті - Ерлан Қожасбай. Әншінің жары өзінен 17 жас үлкен. Жұбайлардың таныстығы отандық телеарналардың бірінде көрсетілген "Екі Жұлдыз" жобасында бастау алған екен.

Тағы оқыңыздар: Желіде анасы мен енесін салыстырған Жазираның басы дауға қалды

Осы уақытқа дейін жұбайын жасырып келген әнші Ерланның өзі ел алдына шыққысы келмейді дейді.

"Күйеуге көз тиюі мүмкін. Мен енді отбасымды көп көрсетпеуге тырысамын. Ешқайда шықпау - өзінің ойы, сондықтан мен күйеуімді шығармаймын. Қалжыңдап көз тиеді деп айтқаныммен, оның өзі ел алдына шыққысы келмейді", - дейді Динараның өзі.

Динара мен Ерланның "Екі Жұлдыз" жобасындағы видеосын назарларыңызға ұсынамыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613660-anshi-dinara-sultannynh-kopshilikten-zha.html