Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы сүйіктіңізді ұмыта алмай жүрсеңіз не істеу керек?

Опубликовано:

Бұрынғы сүйіктіңізді ұмыта алмай жүрсіз бе? Ол сізге көп қайғы мен қиындық алып келсе де, жүрегіңіз соны қалай ма? Бұл қыздардың көпшілігінде бар жағдай. Тіпті жылдар өтсе де бұрынғы жігітінің естеліктерін ұмыта алмай жүрген бойжеткендер қаншама. Не істеу керек деген сұрақ бәрін мазалайды деп жазады ikerim.kz.

Ал америкалық психолог Джейн Баффин төмендегі оңай төрт қадамды жасасаңыз, жаңа өмірге аяқ басатыныңызға сенімді.

Сонымен…

Естеліктерден құтылыңыз.

Бір адамды өміріңнен, жүрегіңнен жойғың келсе, оны еске түсіретін естеліктерді ұмыту керек. Екеуіңізге ортақ заттардың бәрінен құтылыңыз. Тіпті жақсы сәттерді еске түсіретіне қарамастан лақтырып тастаңыз. Егер, жылағыңыз келсе жылап алыңыз. Бірақ оны ойыңыздан босатуыңыз керек.

Өміріңді өзгерт!

Өміріңді өзгерту үшін, оған деген көзқарасыңды да аздап өзгерту керек. Әрине, басқа қалаға көшудің немесе жұмыс ауыстырудың қажеті жоқ. Тек күнделікті әдеттерді өзгертсең де жеткілікті. Мысалы күн сайын таңертең кофе ішетін болсаң, енді шәй іш. Шаш үлгіңді өзгертіп көр, өзіңе ұнайтын іспен шұғылдан.

Тағы оқыңыздар: Сен мүгедексің: Ақтөбеде жүкті болып қалған жетім қызды сүйген жігіті алмай кетті

Өзіңе уақыт бөл!

Жігітің бар кезде биге немесе қандай да бір курсқа жазылуға уақытың болмай жүреді. Енді сол уақыт табылды! Ойланбастан бір курсқа қатысып ізден, жаңалық тап!

Өзге жігіттермен таныс!

Уды у қайтаратын білетін шығарсың?! Бұл тез арада басқа сүйікті тап деген сөз емес, тек көңіліңді табуға тырысатын бір адамның болғаны саған да жағымды. Уақытты көңілді өткізуге тырыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1613704-burynghy-suyiktinhizdi-umyta-almay-zhur/

pixel