RU

Бақытжан Сағынтаев пен Болат Әбіловтің қыздары көңілді кеште бой көрсетті (фото)

Еліміздегі элиталы тұлғалардың балалары әрдайым халық назарында жүреді. Жақында Болат Әбіловтің қызы Жәмила Әбілова өз журналының 5 жылдығын сән-салтанатымен атап өтті. Бұл туралы buro247.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Аталған басқосуға еліміздегі сән, өнер саласының үздіктері мен көңілді кештерде жиі қонақ болатын бикештер жиналды. Олардың арасында Қазақстан премьер-министрінің қызы Меруерт Ибрагим, жазушы Олжас Сүлейменовтің қызы Мадина Сүлейменова, Ахметжан Есімовтің қызы Ғалия Есімова бар.

Элита өкілдері журналдың бес жылдығын танымал сауда үйінің шатырында атап өтті. Ғалия Есімова қанық қызыл көйлегімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Ал белгілі саясаткер Болат Әбіловтің қызы, әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі Жәмила бұл кешке минимализм стилінде, геометриялық банттары бар ақ көйлек киген

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы Меруерт Ибрагим ақ жейде мен шалбар киіп, күнделікті көше образында киініп келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613760-baqytzhan-saghyntaev-pen-bolat-abilovt.html