RU

Маңғыстау облысында жол апатынан бір жанұяның жеті адамы мерт болды

Маңғыстау облысының тас жолында Toyota Camry автокөлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Жол апатының салдарынан бір отбасының жеті адамы қаза тапты деп хабарлайды «Лада» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға Бейнеу ауылында 10 қыркүйек күні шамамен сағат 19.00-де болды.

Апат медицинасы орталығының мәліметінше, жүргізуші және алты жолаушы, оның ішінде 2001 және 2006 жылы туылған балалар оқиға орнында көз жұмған. 

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист "қыз алып қашу" деген "жабайы ғұрыпты" жоюды ұсынды

«Автокөліктің қатты соғылғаны соншалық, екі адамның мәйітін арнайы техниканың көмегімен алып шығуға тура келді», - дейді медициналық орталық мамандары.

Куәгерлердің айтуынша, көліктің ішінде болған бір отбасының мүшелері тойдан қайтып келе жатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613874-toydan-keyingi-qaza-manhghystau-oblysy.html