RU

ШҚО-да үйге баса көктеп кірген қарақшылар әйелдерді байлап, екі ер адамды өлтірген

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер жеке тұрғын үйге басып кіріп, екі ер адамды атып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Қыркүйектің онынан он біріне қараған түні Көкпекті ауылында екі ер адам үйге басып кіріп, үй ішіндегілерді байлап тастаған. Содан соң үй иесін атып, оның туысын жарақаттайды. Ер адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист "қыз алып қашу" деген "жабайы ғұрыпты" жоюды ұсынды

Содан соң қылмыскерлер екі әйелді байлап, бір миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Кейінірек күдікті ретінде осы ауданның үш тұрғыны ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613955-shqo-da-uyge-basa-koktep-kirgen-qaraqshy.html