RU

Ақтөбелік келіншектің орамал таққан қызын бірінші сыныпқа кіргізбей қойды (фото)

Ақтөбелік көпбалалы ана Гүлжанат Бердібаева NUR.KZ порталынан көмек сұрады. 35 жастағы келіншек төрт баламен жесір қалған. Биыл  бірінші сыныпқа барған қызының басындағы орамалды шешпейтінін айтқан келіншек білім жүйесіндегі жаңа өзгеріспен күреспек.

"Қызым Ақтөбедегі 11 мектептің табалдырығын аттады. Сабақ басталғалы мектеп директоры басына таққан орамалға шүйлікті. Қызым барлық балалар секілді киінген. Қос бұрымында бантигі де бар. Қызым үш жасынан төбесін жауып кимешек киеді.

Мектеп директоры қызым кимешегін шешпесе оқудан қуып, өзімді сотқа беретінін айтып қорқытып жатыр. Қазақстан - зайырлы мемлекет. Əр адамның құқы, таңдауы бар. Қызым басынан орамалды шешсе психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін", - дейді Гүлжанат Бердібаева.

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист "қыз алып қашу" деген "жабайы ғұрыпты" жоюды ұсынды

Гүлжанат төрт баланың анасы екенін айтты. Күйеуі қайтыс болған ол бір жарым жылдан бері балаларын жалғыз тəрбиелеп отыр.

Келіншек қызын мектепке орамалмен кіргізбесе халықаралық ұйымдарға шағым жазатынын жеткізді.

"Мен барлық халықаралық ұйымдардан көмек сұрайтын болам. Біз отбасымызбен намаз оқимыз. Балаларым соны көріп өсті. Қызымның ашық жүргенін қаламаймын. Қызым да орамалын шешкісі келмейді. Балаларымның сабағы жақсы. Біздің киімімізге неге тиіседі?", - дейді Гүлжахан Бердібаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614014-aqtobelik-zhalghyzbasty-ananynh-oramal.html