RU

Сапарбаевтың ізінен телефонымен жүгірген балақайдың қылығы жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында өткен Көкжар жәрмеңкесінде Бердібек Сапарбаевтың ізінен қалмаған кішкентай баланың қылығы елді сүйсінтті деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Шамамен 7-8 жастағы балақай ұялы телефонының бейнекамерасына облыс басшысын түсіріп жүрді. Үлкендердің оны қақпайлағанына қарамастан, ойын баласы әкімді айналып жүріп, видеоға түсіруін тоқтатпаған.

Тағы оқыңыздар: Отандық журналист "қыз алып қашу" деген "жабайы ғұрыпты" жоюды ұсынды

Айта кетейік, Ойыл ауданының орталығында Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығы атап өтілді. Екі күнге созылған шара барысында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, жыршылар сайысы ұйымдастырылды, сонымен бірге, театрландырылған қойылым көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614043-saparbaevtynh-izinen-telefonymen-zhug.html