RU

Елімізге танымал журналистер Шымкентте өткен арнайы форумға қатысты

Шымкент қаласы ОҚМПИ ғимаратында 2017 жылғы 9 қыркүйек күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы аясында"Руxани жаңғыру: Оңтүстіктің брендтерін насиxаттаудың заманауи теxнологиялары" тақырыбындағы форумға елімізге белгілі бір топ журналистер оқу орданың «Қазақ тілі әдебиеті», «Тарих» мамандықтарының студенттер, оқытушы-профессорлары, облыстық басқармалардың баспасөз хатшылары мен аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Ұйымдастырушы: облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі Қ.Ахметов, "Жас Алаш" газетінің Бас редакторы Р.Ербота, «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, жазушы – Ж.Әшімжан, «Егемен Қазақстан» газетінің ОҚО меншікті тілшісі Ғ.Елшібай, Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық ұйымының төрағасы, ҚазҰУ ұстазы, фототілші А.Әбдрайымұлы, «Алматы ақшамы» республикалық газетінің журналисі С.Сыбанбай, «Жас Алаш» республикалық газеті бас редакторының орынбасары О.Дәуіт, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов және бұдан өзге ақпараттық порталдардың редакторлары, облыстық мәслихаттың депуттаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Форумды журналист, публицист Ж.Әшімжан жүргізіп, кездесу мақсатына тоқталды.

Шара мақсаты – Оңтүстік Қазақстанның медиа кеңістікте оң имиджін қалыптастыру, өңірдің басты брендтерін насихаттау.

Форумда спикерлер ашық пікірлерін, көзқарастарын білдіріп, сұрақтар қойылды. Елдегі өзекті оқиғаларға, мамандыққа қатысты сауалдарына журналистер жан-жақты жауап берді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Латын қарпіне көші», прагматизм бағыттары бойынша ойлар өрбіп,  жастарды заман талабына сай білім алып, рухы мықты адам болуға, туған жерін сүюге шақырды.

Фото: А.Әсенди

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614077-elimizge-tanymal-zhurnalister-shymken.html