RU

Сәтпаевтың ең лауазымды полицейі 50 мың теңге пара аламын деп ұсталып қалған

Сәтпаев қаласы жергілікті полиция бастығының орынбасары жұмыс орнында парамен ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өзін ұстағандарға дөң айбат көрсеткен полицей мекеме бастығының міндетін атқарушы қызметінде жүр екен. Қолындағы уақытша билікті пайдаланғысы келген ол рөлге мас күйінде мініп, ұсталған жергілікті тұрғыннан ақша талап еткен көрінеді.

Есесіне әкімшілік жазаға тартпауды уәде еткен.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Ал, айыпкер болса жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына арызданған. Осылайша 50 мың теңгені басқа жер емес, дәл жұмыс орнына алып жатқан жерінен ұсталып отыр.

Орынбасарлық қызметті 3 жылдай атқарған Бүркіт Мақановқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614461-satpaevta-lauazymdy-policey-50-mynh-tenhg.html