RU

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады

Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерде - тұман.

Ақтөбе облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүру қауіпі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1614466-elimizdinh-basym-boliginde-zhanhbyr-zhau-4.html