Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«VIP» және «super VIP»: 100 мың долларға қажылық жасайтын қазақтар кімдер?

Опубликовано:

Мұсылмандардың қасиетті мекеніне айналған Мекке қаласына кез келген адам өз бетімен келе алмайды. Мемлекетте арнайы тәртіп, қатаң заң бар. Өзге дін өкілдеріне елге кіруге жол жоқ. Сауд Арабиясының аумағына арнайы квотамен, бірнеше мәрте жасалған тексерістен кейін ғана өте аласыз. Қазақстандықтар үшін әуе байланысы міндеттелген. Құлшылықтың  қызметі де әртүрлі. Мәселен, әлемнің түкпір-түкпіріндегі олигархтар құлшылықтың «super VIP» түрін таңдай алады деп хабарлайды NUR.KZ.

Құлшылықтың қызмет  бағасына еш кедергісі жоқ

Сауд Арабиясында құлшылық жасау кезінде көрсетілетін қызметке байланысты оның бағасы да әртүрлі. Баға қызмет көрсету түріне қарай реттелген.

«Қарапайым халық секілді қызмет көрсетілгенін қаламаймын. Көптің бірі болғым келмейді» десеңіз, қосымша қаржы арқылы жағдай жасауға мүмкіндік қарастырылған.

«Қызмет түрінің құлшылыққа еш кедергісі жоқ. Біз қызмет түріне шектеу қоя алмаймыз. Ақшасы бар адамның талғамы басқаша болады. Оның еш мақтанышы жоқ. Адам шамасына қарай өзіне қолайлы жағдайды жасайды», - дейді діни басқарманың қажылық бөлімінің бас маманы Қанат Нұрмаханұлы.

Тағы оқыңыздар: Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға қызының бренд жейделерін сыйлады (фото)

«Шведтік дастархан» мен жайлы орынтақ құлшылыққа кедергі емес

Қалталылар чартерлік рейспен әуежайдағы  VIP аймаққа тоқтайды. Ұшақтан түскеннен бастап табанын жерге тигізбей джипке мінгізеді.

«Қағбаның түбіндегі қонақ үйге жатамын, айналғанда харамның түбінде тұруым керек. Жамаратқа тас лақтырғанда ең жақын жер таңдалсын. Қосымша орынтақ, швед дастарханы» деген талаптарын қойса, қызмет бағасы артады. Ең адам көп болатын қағбаның айналасында емін-еркін жүретіндер бар.

Қағбаны айналғанда айналасынан бес кісі қоршап алып, оның еркін жүруіне жағдай жасайды.

Қажылық Сауд Арабия тарапынан реттеледі. Құлшылықтың негізгі орындалатын жері – Мекке мен Мәдина қаласындағы екі харам. Екі мешітке жақын орналасқан қонақ үйлердің бағасы 1-2 шақырым қашықтықтағы қонақ үйлерге қарағанда он есеге қымбат. Және ондағы баға әр күніне есептеледі. Ал, Мина мен Арафаттағы шатырлар бағасы  20 есеге дейін көп.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

Меккеге келушілер арасында екі күн үшін 600 доллар төлеп қажылық жасайтындар да, 10 мың доллар төлеп қажылық жасайтындар да бар.

Қажылыққа жиі келушілер 100 мың долларға дейін қажылық жасап кетіп жатқан қазақтардың бар екенін жоққа шығармайды. Олар «super VIP» қызмет түріне жатады.

Құлшылықтың орындалуын жеңілдететін қызмет түріне дінде рұқсат етілген

Дін тұрғысынан қарағанда қызмет түріне рұқсат етіледі. Оған шариғатта дәлелдер бар: ихрамда бөлектенбеуге, ихрам кезінде өзінің харам болатын амалдарды жасамау керек. Дін өкілдерінің айтуынша, құлшылық кезінде қызмет қызық емес, құлшылық талапқа келсе болды. Қажының қандай машина мінгені , қандай тамақ жегені оның құлшылығына әсер етпейді.

«Қызмет түрі құлшылықтың орындалуына көмектесетін факторлардың бірі. Оның жеңіл жағы да, ауыр жағы да болады. Жеңілге қол жеткізуге қызмет түрінің бағасы себепкер . Құлшылықтың орындалуын жеңілдетеді. Арафат пен Минадағы шатырларда күн ыстық. Тығыз жататын, жеке жататын кездер болады. Муздалифада далада жатады.

Осындай қызметті кей адамдар көтере алмауы мүмкін.

Қосымша ақшасы болғаннан кейін «Мен салқын жерде, кең жерде жатқым келеді. Тамақ түрлері мынадай болса екен» деген талабын айтуы мүмкін. Қызмет түрінің құлшылыққа еш қатысы жоқ», - дейді Қанат Нұрмаханұлы.

Қажылық рәсімдерін орындайтын жерлерге қонақ үй жақын болған сайын оның бағасы 20-30 есеге қымбат болады. Ал, алыстаған сайын бағасы да арзан. Қызмет түрі 2800 ден 200 мың долларға жететін қажылық түрлері бар. Кейбірі ешқандай қонақ үйсіз көшеде жатып қажылығын жасап кететіндер бар.

Тағы оқыңыздар: Сәтпаевтың ең лауазымды полицейі 50 мың теңге пара аламын деп ұсталып қалған

«VIP» және «super VIP қызметін ұсынып тұрған «Зәмзәм» қонақүйі 12  жылдан кейін қиратылады

Қажылар үшін жоғары қызмет түрін ұсынатын «Зәмзәм» қонақ үйінің жұмыс жасағанына 8  жыл болған. Қонақ үйдің есігінен бірден қағбаның алдына келесіз. Мемлекет заңы бойынша жер жекенің иелігіне берілмейді.

20 жылға жалға ғана жалға алады. Мерзім жеткенде қаншалықты көз тартатын ғимарат болса да қиратылады.

Ресми деректердің хабарлауынша, қонақ үй иесі барлық шығынды бес жыл ішінде өтеп алады екен. Қалған уақыт тек пайда табуға арналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1614481-vip-zhane-super-vip-100-mynh-dollargha-qazhylyq-zhas/

pixel